» » Қызылорда Назарбаев Зияткерлік мектебінен 101 түлек түлеп ұшты

Қызылорда Назарбаев Зияткерлік мектебінен 101 түлек түлеп ұшты

 Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019-2020 оқу жылының аяқталуына орай қашықтан соңғы қоңырау салтанаты өтті. 101 түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алды. 
Мектеп тарихында алғаш рет онлайн форматында өткізілген мерекелік жиында білім ордасының тарихи беттері парақталып, түлектер жетістігі мен жеңістері аталып өтілді. Білім, ғылым бәйгелерінде топ жарған жас зияткерлер өнер, спорт сайыстарында жеңіс тұғырынан көріне білді. Бүгінгі таңда  түлектеріміз АҚШ-тағы Дрексель университетіне, Чехия, Венгрия және Ресеейдің беделді жоғары оқу орындарының білім гранттарының иегері атанса, 19 түлегіміз Назарбаев Университетіне шақырту алып, тағы 19-ы қабылдау комиссияның шешімін күтіп отыр.
Соңғы қоңырау салтанатында сөз алған мектеп директоры Бахыт Жұматай барша мектеп қауымдастығын кезекті оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, түлектерге сәтті сапар тіледі.
«Кез-келген жетістік өздігінен келмейді. Бұл жетістікке Сіздер жылдар бойы жасаған қажырлы еңбектеріңіздің, үздіксіз оқу мен ізденудің нәтижесінде қол жеткіздіңіздер. Білекпен емес, біліммен бәсекелесетін мына заманда, Сіздердің еліміздің тұрақты дамуына өз үлесін қосатын  білімді де білікті, ұлтжанды азамат болатындарыңызға сенімім мол. Үлкен өмірге басқан алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын», – деді Бахыт Жұматай.
Таланттылардың талабын ұштап, дарындылардың дарабозын даралаған зияткерлік мектеп тарихында қанат қақтырған бесінші  түлектерге ұлағатты ұстаздары мен ата-аналары өз құттықтауларын жеткізді. Сондай-ақ,  халық сүйіктісі Димаш Құдайберген бастаған еліміздің өнер жұлдыздары да қызылордалық зияткерлерге мерекелік лебіздерін арнады.   
Сондай-ақ, «Алтын белгіге» үміткер Аққу  Шайхыбек барлық жас түлектердің атынан мектеп ұжымына риясыз алғысын айтып, артынан ерген жас буынға мектептің берген мүмкіндіктерін толығымен пайдалануға кеңес беріп, жаңа оқу жылында табыс тіледі.
Шара барысында мектеп жанынан құрылған өзін-өзі басқару  ұйымын жүргізіп, былтырғы оқу жылында мектеп президенті болған бітіруші түлек Арайлым Өмірбекова  салтанатты түрде қазіргі мектеп көшбасшысы Томирис Жұмағалиеваға білім кілтін табыстады.




25 мамыр 2020 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031