МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Еліміздегі NIS ұстаздарының басын қосқан жылдың бас педагогикалық кеңесінде мектеп жетістіктері аталып, вице-министр Фатима Жақыпова мектеп директоры Бақыт Әмірханұлына Алғыс хат табыстады. Сондай-ақ білім беру процессін жетілдіруде және оқыту бағдарламасын іске асыруда айтарлықтай табыс үшін осы мектептің биология пәнінің мұғалімі Дариға Мұнарбаева «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.