» » Ұлт негізі- отбасы

Ұлт негізі- отбасы

Облыстық ішкі саясат басқармасы «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж 15 мамыр күні сағат 14.00 де «Халықаралық отбасы күніне» байланысты «Қамқорлық» дағдарыс орталығында аналарға «Мен және менің отбасым» тақырыбында танымдық шара өткізілді. Шара мақсаты орталықта қызмет алушы 7 отбасы арасында әйел затының қоғамдығы және отбасындағы орны туралы кеңінен түсіндіру үшін аспаздық сайысы мен отбасы құндылықтары туралы мақал-мәтелдерден өзара сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа 7 отбасыға арналған 10 кезенді әр-түрлі белсенділік көрсететін ойындар ойнатылды. Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азабынан қорқам. Дәмді дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ» деген екен. Сондықтан бала тәрбиесін мектеп, ұстаз, ата-ана болып бірігіп бірге нығайту. Отбасы мүшелер арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы ілтипатты болуға тәрбиелеу басты мақсатымыз. Халқымыздың сан ғасырдан белгі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты- балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі данқпен, атақтан, мансаптан, қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек деп сөз соңында қоғамдық қор директоры Айжан Айтмамбетова аяқтап диплом, алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды

16 мамыр 2020 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031