» » НЗМ-ДЕ ЖАЗҒЫ ОНЛАЙН-МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

НЗМ-ДЕ ЖАЗҒЫ ОНЛАЙН-МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ


    Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үшін қашықтан Жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
 
    Жоба бойынша мамыр айының соңына дейін 7, 8, 9-сынып оқушылары ағылшын тілі, математика, физика, информатика, химия және биология пәндері бойынша олимпиадаға онлайн түрде дайындық жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, орта мектеп оқушылары «Жер туралы ғылым», «Өсімдік шаруашылығы», «Бизнес инкубатор» және «Экономика» танымдық курстарында білімдерін толықтырадын болады.
 Ал жоғары сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша және халықаралық IELTS, SAT / NUFYP емтихандарына  екі апталық дайындық курстары ашылды. Алдағы уақытта 10-11-сынып білім алушылары «Web-дизайн» сабақтарына да қатысып, веб-сайт әзірлеуді және графикалық өңдеуді үйренетін болады.
Сондай-ақ, 10-сынып оқушылары кәсіби бағыт бағдар курстарына жазылып, мамандық таңдау және университетке түсу жолдары бағытында топтық және жеке консультациялар алуға мүмкіндіктері бар.
Жазғы мектеп жобасы бойынша 11-сынып оқушыларына арналған қосымша жазғы тілдік курстары да ашылып, шәкірттер мектептің шетелдік мұғалімдерінен ағылшын тілінен дәріс алатын болады.
«Жазғы мектеп бағдарламасы оқушылардың ұсыныстары мен қажеттіліктеріне байланысты дайындалды. Әр оқушы қалауы бойынша екі немесе үш бағыттағы курстарға жазылуға мүмкіндіктері бар», – деп түсіндірді Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Ляззат Абдраимова.
28 мамыр 2020 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031