» » ОЛИМПИАДАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ОЛИМПИАДАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ


Атырау қаласында өткен жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша ХХ Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Химия, биология, математика, физика, география және информатика пәндерінен еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 800-ге жуық дарынды оқушылар бақ сынады.
Бұл додада Қазалы ауданының оқушылары қатысып, олимпиададан олжалы оралды. Атап айтар болсақ, Әйтеке би кентіндегі №170 мектептің 9 сынып оқушысы Дінмұхаммед Жетпісбай география пәні бойынша үздік үштіктен көрінді. Сайыс қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының оқушылары үшінші орынға қол жеткізді.
Сондай-ақ, Қостанай облысында өткен республикалық олимпиадада тағы бір жерлесіміз қола медальді қанжығасына байлады. Бұл жолы №266 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Әлішер Розметов республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қазақ тілі пәні бойынша жүлдегер атанды.
05 сәуір 2018 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728