» » Ақпараттық науқан аяқталды

Ақпараттық науқан аяқталды


Халықаралық Еңбек ұйымы бала еңбегі мәселелерін шешу мақсатында 12 маусым «Дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күрес күні» деп жариялады. Осыған сәйкес, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында 12 күндік ақпараттық науқан ұйымдастырылды.
Шарада «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» тақырыбында көрме ұйымдастырылса, балалардың құқығын қорғау мақсатында дөңгелек үстелдер өткізілді. Орталықта тәрбиеленуші жасөспірімдерге баланың құқықтарымен міндеттері туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ «Бала еңбегі бала тілімен» атты байқау өткізілсе, «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» тақырыбында балалар жолда жүру ережесімен танысты. Осылайша 12 күндік ақпараттық науқан балаларға жан-жақты бағыт беріп, өз мәресіне жетті.
18 маусым 2020 ж. 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031