» » Тұрғылықты жерге онлайн режимде уақытша тіркелуге болады

Тұрғылықты жерге онлайн режимде уақытша тіркелуге болады

Белгілі бір кезеңге жұмыс немесе оқу барысымен, емделу үшін немесе т.б. себептер бойынша басқа қалаға барған азаматтар тұрғылықты жері бойынша «электрондық үкімет» порталында уақытша тіркелуге өтініш бере алады. «Басқа қалада отырып уақытша тұратын жерге 1 жылға дейінгі мерзімге eGov.kz порталы арқылы 15 минут ішінде тіркеле аласыз», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов. «Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелуі» қызметін алу үшін eGov.kz порталындағы экранның сол жағында орналасқан «Азаматтық, миграция және иммиграция» тармағын және «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» санатын таңдау қажет. Бұдан әрі порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту қажет. Содан кейін 1-ден 12 айға дейінгі тіркеу уақытын таңдау керек, деп мәлімдеді Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қзыметі.
23 маусым 2020 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930