» » «Электрондық үкімет» порталы - жұмысыңызды жеңілдетудің тиімді тетігі

«Электрондық үкімет» порталы - жұмысыңызды жеңілдетудің тиімді тетігі

     «Электрондық үкімет» порталы – мемлекеттік органдар қызметіне онлайн режимінде қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс.
Электронды қызметтердің басты артықшылығы азаматтарымыздың уақыты мен қаржысын үнемдейді, мемлекеттік органдарда  қағазбастылық азайып, құжаттарды дайындау және беру мерзімін әлдеқайда қысқартады.
Осылайша қазақстандықтар «Электронды үкімет» порталында көрсетілген мүмкіндіктер арқылы сотқа талап арызды электронды түрде бере алады.
         Бірқатар дамыған елдерде «электрондық үкімет» қазіргі заманғы қоғам мен ашық мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың басты элементтерінің бірі болып табылады. «Электрондық үкімет» азаматтарға мемлекеттік қызметшілермен тікелей іс-қимыл жасамай әлеуметтік маңызды мәселелерге тиімді жауаптарды алуына мүмкіндік береді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік сипаттағы кедергілерді алып тастайды және ресми ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді.
«Электрондық үкімет» – мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру және оңтайландыру, қоғамды мемлекеттік басқару мәселелеріне тартуды арттыру және ішкі бизнес-процестерді жетілдіру мақсатын көздейтін мемлекеттік органдардың ішкі және сыртқы қарым-қатынастарының өзгерісі.
«Электрондық үкіметті» қалыптастырудың негізгі мақсаттарына жатқызылатындар:
- мемлекеттік қызметті АКТ-ны пайдалану арқылы көрсету;
- азаматтардың мемлекеттік басқару үдерісіне қатысу дәрежесін ұлғайту;
- мемлекеттік қызметтің ішкі тиімділігін арттыру.

Басты талабы пайдаланушыда электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет. ЖСН-і бар Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы ЭЦҚ-ны алуға және пайдалануға құқылы. Аазаматтарды көп жағдайда ЭЦҚ-ның көшірмесін жасау мүмкiн бе деген сұрақ толғандырады. Қазақстандағы және әлемдегі электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оның жасанды көшірмесін жасау мүмкін емес.
Себебі, жабық кiлт құпия сақталады және ол тек қана оның иесіне белгiлi болады. Одан басқа ешкiм электрондық қолмен құжатқа «қол қоя» алмайды.
                                                                               Қызылорда ҚІІБ-ның КҚҚ-ның жетекші маманы 
С.Барақбаев
18 маусым 2020 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930