» » Министр "проценті" төмен кредитті қалай алуға болатынын айтты

Министр "проценті" төмен кредитті қалай алуға болатынын айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға берілетін кредиттер туралы айтып берді.
Министрдің айтуынша, бүгінгі талап бойынша отбасыда еңбекке жарамды адам болса, міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Ал ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда барлық отбасы атаулы әлеуметтік көмектен айырылады. Қазіргі кезде осы санатқа кіретін 30 мыңдай азамат бар.
"Жай жұмыспен қоса, шағын кредит те алуға болады. Оны тОның ставкасы барлығына 6 процент болса, мұндай отбасыға - 4 процент, мерзімі - 5 жыл емес, 7 жылға дейін. Ал кепілдігі жоқ азаматтарға мемлекет 95 процентке дейін кепілдеме береді ", - деді Нұрымбетов бүгін онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.
Бұдан бөлек, қайтарымсыз гранттар бар. Өзінің шағын бизнесін ашқысы келетін көпбалалы отбасыларға 555 мың теңгенің гранты беріледі. 
"Көпбалалы отбасылар және тұрмысы төмен отбасылар "Бизнес бастау" оқуын өтпей-ақ, осы гранттарға ие бола алады",- дейді министр.
25 маусым 2020 ж. 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031