Қатаң карантин орнатылады
Тоқаев Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауға ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Үкімет 2 күннің ішінде наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс.
Үкімет 2 күннің ішінде наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында Қазақтан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді.
«Індетпен күрес, теріс әлеуметтік және экономикалық әсерлерді жою бойынша барлық шешімдерді Премьер-Министрдің жетекшілігіндегі Мемлекеттік комиссия аясында әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия сыни ресурстарды бөлуге орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдану мақсатында Мемлекеттік комиссияға екі күндік мерзімде осы жылдың наурыз-мамырында қолданыста болған қатаң карантинді енгізу бойынша мәселелерді әзірлеп, менің қарауыма ұсынуды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда 21327 адам коронавирус жұқтырып, 13008 адам сауықты, 183 адам қайтыс болды.
aikyn.kz