» » ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: КҮННІҢ СУЫТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ЖАСАЛУЫ КЕРЕК

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: КҮННІҢ СУЫТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ЖАСАЛУЫ КЕРЕК

 Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Қазақстанның бірқатар өңіріндегі қатты аязға байланысты шенеуніктерге жұмысты күшейтуді тапсырды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.    “Қазірдің өзінде еліміздің алты өңірінде ауа температурасы -30 градус пен -40 градустың арасында. Осындай үскірік аяз оңтүстіктегі төрт өңірде болады деп болжануда. Осыған байланысты өңірлердегі жылу орталықтарының жұмысын, оның ішінде жылу қазандықтарының жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Әсіресе, ауруxана, мектеп, балабақша секілді мекемелерге ерекше көңіл бөліңіздер. Білім беру ұйымдарында ауа райына байланысты сабақ болмайтыны туралы xалықты дер кезінде xабардар етіңіздер”, - деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.
    Ол қоғамдық көлік нақты кесте бойынша жұмыс істеуі тиіс екенін айтып, барлық әкімдік қызметкерлерінің жұмыс кестесін жасауды тапсырды.
    “Бірыңғай диспетчерлік 112 кезекшілік желісі жүктемелерге қарамастан, үзіліссіз жұмыс істеуі керек. ІІМ автожолдардағы қозғалысты бақылап отыруы тиіс. Қажет болған жағдайда барлық көлік түрі үшін қозғалысты тоқтатып, xалыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Әкімдіктермен бірлесіп жылынатын жылжымалы бекеттер ұйымдастырып, жүргізушілер мен жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ апатты-құтқару бригадалары шұғыл медициналық қызметті алып жүруді қамтамасыз етуі керек. Аязды күндері барлық қызмет түрі жұмыла жұмыс істеуі қажет. Мемлекеттік органдар мен жекеменшік компанияларға жеке өзімнің айтарым: қызметкерлерді үйге ертерек жіберіңіздер, мүмкіндігінше жеткізіп тастаңыздар”, - деді Бақытжан Сағынтаев.
    Сөз соңында Үкімет басшысы бірінші орынбасары Асқар Маминге күннің күрт суытуына байланысты жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

23 қаңтар 2018 ж. 841 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031