» » Министрлік: Түнде аспаннан зиянды зат шашылады деген ақпарат – жалған

Министрлік: Түнде аспаннан зиянды зат шашылады деген ақпарат – жалған

 Әлеметтік желілер мен мессенджерлерде бүгін түнгі сағат 2:00-де ауаға зиянды зат шашылады деген сыңайда ақпарат тарап жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған хабарламада «Бүгін сағат түнгі 2-де ауаға бірдеңе шашады, бұл жолы кішкентай балаларға әсер ететін нәрсе екен. 3 күн бойы балаларыңызды далаға шығармаңыздар» делінген. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімет таратты.
«Құрметті халайық, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқан адамдардың ҚР ҚК 274-бабы – «Көрінеу жалған ақапарат тарату» бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды. ⠀
01 шілде 2020 ж. 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031