» » "Тікұшақ арқылы вирус шашады" деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

"Тікұшақ арқылы вирус шашады" деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

 Бүгін әлеуметтік желіде "Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар" деген сарында жалған ақпарат тарады.

Бұл ақпараттың жалған әрі шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Сіздерді, яғни Түркістан облысының тұрғындарын осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз. Осы ақпаратты "WhatsАpp" желісіндегі топтарда таратқан Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы қазіргі таңда құзырлы органдармен анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды - делінген Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.



01 шілде 2020 ж. 1 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031