» » Гендерлік саясат және қазақ қоғамындағы қазақ әйелі

Гендерлік саясат және қазақ қоғамындағы қазақ әйелі

  Гендірлік саясат-қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
Әйел құқығы-ол адам құқығы, гендірлік тендік әйелдердің әлеуметтік,экономикалық, мәдени, азаматтық және саяси мәртебесін белгілейді.
Гендірлік саясаттың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігін айқындайды.
БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсiтудiң барлық түрлерiн жою туралы  конвенциясына сәйкес ол кемсiту ретiнде қарастырылмайды.
Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Біздің ел гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасады, себебі гендерлік саясат – бұл ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Егер саяси және қоғамдық өмірде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді қатыстыруды арттыру туралы айтсақ, бұл сұрақ гендерлік теңдік стратегиясында өз жауабын тапты. Қазақстанның гендерлік саясатының ерекше өзгешелігі – гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте гендерлік даму саласында алдын алу және озық шараларын қабылдайтын мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында тең құқылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы. Қазақстанда Үкімет қаулысымен республикадағы әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспарын жасап, бекітті. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес, азаматтар мемлекет істерін басқаруға тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.
  Қазақстан тәуелсіздік жылдардың ішінде сонымен бірге ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті.
          Сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да Президент отбасы, ана мен баланы қорғауды басты назарға қойды. Осы жолдауда Елбасы ана мен баланы қорғауды жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде жариялады.
Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
 Қызылорда қаласының №2 сотының
кеңсе меңгерушісі М.Жүсіпбекова
08 маусым 2020 ж. 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031