Бірлік – қиындықты жеңудің басты жолы

Қауіпті індет Елбасын да айналып өтпеген еді. Алайда Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің қайсарлығы мен ерік-жігерінің арқасында бас көтеріп, ел қамына кірісті.
Елбасы халық үшін кеудесі қысылып, тынысы тарылып, аман басын аламанға салып отырған жандардың ерлігі жайлы тарқатып айтты. Сонымен қатар дертті таратпау амалдары оң нәтиже береріне ерекше сенім білдірді.
Шынында, енді біз қырық біріне шыдап, керемет шақтармен, көркем өмірмен қайта қауышуымыз керек. Ол үшін карантин талаптарына үстірт қарамай, қиындықты бірге еңсеруіміз маңызды.
Сымбат Әбдрахманова,
облыстық «Жастар ресурстық орталығының» отбасы істері және бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы