Елбасы Қытайда CNPC басшысын «Достық» орденімен марапаттады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында CNPC компаниясының басшысы Ван Илиньді «Достық» орденімен марапаттады. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қытайдың бизнес капитандарымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан Республикасы Президенті жанында Шетел инвесторлары кеңесі жұмыс істейді. Ол тұрақты түрде жылына бір рет жиналып тұрады. Оның мүшелерінің бірі CNPC компаниясының басшысы Ван Илинь мырзаны бүгін жұмысы, компанияның табысты жұмысы үшін «Достық» орденімен марапаттадым», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен келіп, кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Нәтижесінде бірнеше құжатқа қол қойылды.