» » Желіде 42 500 теңгеге қатысты жалған ақпарат тарап жатыр

Желіде 42 500 теңгеге қатысты жалған ақпарат тарап жатыр

 Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемге өтініштерді 17 шілдеден қабылдауды жоспарлап отыр, біржолғы жәрдемақыны тағайындау 20 шілдеде басталады
. Әлеуметтік желілерде шілде айына төленетін әлеуметтік жәрдемақыға өтініш қабылдау басталғаны туралы тарап жатқан ақпарат – жалған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Мессенджер мен әлеуметтік желілерде 42 500 теңгеге өтініш қабылдауға арналған сайт іске қосылғаны туралы ақпарат тарап жатыр.
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемге өтініш қабылдау үшін сайт іске қосылғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.
Қазір еңбек министрлігі карантинге байланысты кірісінен айырылған азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.
Ведомство өтініштерді 17 шілдеден қабылдауды жоспарлап отыр. Біржолғы төлем тағайындау 20 шілдеден басталмақ.
Министрлік қазақстандықтардан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұрады. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын ескертті.
Мемлекет басшысы табысынан айырылған азаматтарға шілде айына ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тапсырды. 42 500 теңге карантинге байланысты ақысыз демалысқа шыққан жалдамалы жұмысшыларға, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға беріледі






16 шілде 2020 ж. 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031