» » Министр коронавируспен күреске тағы 42 миллиард теңге сұрады

Министр коронавируспен күреске тағы 42 миллиард теңге сұрады

 Шалғай елді мекендердегі зерттеу материалдарын тасымалдау үшін көлік пен қызмет ақысын төлеуді облыс әкімдері қамтамасыз ету тиіс
 Қазақстанда коронавируспен күреске республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлінуі мүмкін.
"Жыл соңына дейін эпидемиологиялық ахуал болжам бойынша ПТР зертханалар қуатының ұлғаятынын ескеріп, ПТР тестілеу қызметіне төлеуге республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлу қажет. Сондай-ақ, зерттеуге тартылған ветеринарлық зертханалардағы 67 маманның іссапар ақысына 170 миллион теңге төленуі тиіс", – деді Цой үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, облыс әкімдері ауыл мен аудандардан зерттеу материалдарын жеткізу үшін автокөлік бөлу мен қызмет ақысын төлеуді қамтамасыз етуі қажет.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, үкімет резервінен жеке қорғаныш құралдарына 7,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға 41 миллион маска, 27 миллион қолғап, 379 мың қорғаныш костюмі мен 1,2 миллион ПТР-тест сатып алынады






21 шілде 2020 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930