» » Пандемияға байланысты қазақстандық кәсіпкерлер 28 мың жұмысшыны қысқартты

Пандемияға байланысты қазақстандық кәсіпкерлер 28 мың жұмысшыны қысқартты

 Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 22%-і кредитін төлеуге ақша таппай отырса, 19%-і салығын төлей алмай жатқанын айтқан
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бизнестің қазіргі жағдайы туралы айтты.
Айтуынша, ұлттық палата пандемиядан қиыншылық көрген бизнесмендер арасында сауалнама жүргізген. Оған 29 мыңнан астам кәсіпкер қатысты.
"29 мыңнан астам кәсіпкердің қол астында 193 мың адам жұмыс істейді. Карантинге байланысты қазір олардың 14%-і, яғни 28 мың адамы қысқартылды. 34 мыңнан астамы, яғни 17,5%-і мәжбүрлі демалысқа жіберілді",– деді Мырзахметов үкімет отырысында.
Жұмысшылардың ең көбі Шымкент пен Алматы қалаларында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында қысқарған. Ал жалақысыз еңбек демалысына жіберілгендердің дені Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ, Түркістан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр.
Ол індеттен, негізінен, халыққа қызмет көрсету, сауда салаларында істейтін кәсіпкерлер қиындық көргенін атап өтті.
Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 19%-і сұраныстың төмендегенін алға тартса, 22%-і кредитін төлеуге ақша таппай отыр. Ал 19%-і салығын төлей алмай жатқанын айтқан.
"Сондықтан мәселе өте күрделі. Барлық өңірді осы мәселені шешуге шақырамыз. Негізгі міндет сұранысты арттыру және несиелеу",– деді ол.






21 шілде 2020 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930