Қызылорда – озық өңір қатарында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайында айтты.
«Әр өңір ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 7 көрсеткіш бойынша 8 өңірде — Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша озық өсу қарқыны байқалды», деді Асқар Мамин.
Сондай-ақ ол көптеген көрсеткіштер бойынша артта қалған 5 өңірді атады. Үкімет басшысының мәліметінше, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облысы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен болған. Ал қалған Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Түркістан облысы сынды 4 аймақ орташа көрсеткіш көрсеткен.