» » Парацетамол мен ибупрофен тегін беріледі

Парацетамол мен ибупрофен тегін беріледі

 Министрдің сөзіне қарағанда, амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделетін науқастарға барлық препараттар емхана арқылы беріледі
Қазақстанда парацетамол мен ибупрофенді коронавирусты емдеудің клиникалық хаттамасына енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, коронавирус пен пневмонияны амбулаториялық деңгейде емдеу үшін хаттамаға антикоагулянттар да енгізіледі деген жоспар бар.  
"Қазіргі кезде амбулаториялық деңгейде парацетамол және ибупрофен сияқты дене қызуын басатын дәрілермен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұдан бөлек, ривароксабан, апиксабан мен дабигатран деген антикоагулянттар бар", - деді Ғиният Орталық коммуникациялық қызметінде өткен онлайн брифингте.
Ал министр Алексей Цойдың сөзіне қарағанда, амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделетін науқастарға барлық препараттар емхана арқылы беріледі. Бірақ дәрігер диагнозды нақтылауы тиіс. Ал дәрі-дәрмектің шығындары медициналық сақтандыру қорының есебінен өтеледі.
"Қазір халық осы препараттардың бәрін дәріханалардан іздейді. Бірақ оны қабылдағанда дәрігермен ақылдасып отыру қажет. Сондықтан дәл осы препараттарды үйде емделу стандартына енгізуді көздеп отырмыз. Сонда аурудың жеңіл түріне шалдыққандар дәрігермен ақылдасып, ем қабылдайды. Ал ауыр жағдайлар ауруханада емделеді", - деп атап көрсетті Цой.
Айта кетейік, 15 шілде күні бірлескен комиссия коронавирус инфекциясын емдеудің хаттамасының 10-шы редакциясына өзгеріс енгізді. Дәрігерлер "Лопинавир" мен "Гидроксихлорохин" сияқты препараттарды алып тастауға шешім қабылдады. Себебі, шетелдік ғалымдар осы дәрі-дәрмекті коронавирусқа қарсы қолданған тиімсіз деген қорытындыға келген.
Хаттамаға "Ремдесивир" мен "Фавипиравир" деген препараттар қосылды. Бұдан бөлек, амбулаториялық деңгейде дене қызуын басатын дәрігелер мен иньекцилық емес антикоагулянттар болады.




21 шілде 2020 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031