» » Қоғамдық тыңдау онлайн режимде

Қоғамдық тыңдау онлайн режимде

Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдық тыңдауы «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн режимде өтті.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. 
Алдымен облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Сайлыбаев кеңес құрамына енгізілген өзгерістер туралы мәлімдеме жасады. Мұнан соң өңірдегі бүгінгі эпидемиологиялық ахуал және коронавирус індетімен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазылов және Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, облыстың бас санитарлық дәрігері Ә.Әбдіқайымова баяндады.
Ауруханалар мен дәріханаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің бүгінгі жайы туралы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Н.Әділханов баяндама жасады.
Қоғамдық тыңдау соңында Қоғамдық кеңес мүшелері пікірлерін ортаға салып, пандемиямен күрес бағытындағы ұсыныстарын білдірді. Аталған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес атынан облыс әкімдігіне тиісті ұсыныстар берілетін болады.
22 шілде 2020 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930