» » Фармацевтикалық қызметте сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ

Фармацевтикалық қызметте сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және фармацевтикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын құру мәселелері бойынша бүгін облыстағы дәріхана өкілдері Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қыметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығымен кездесті.
Басты мақсат :
әлеуметтік маңызы бар салалардың бірі – денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде фармацевтикалық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою
фармацевтика саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қадағалаушы органдардың заңсыз тексерістері мен әкімшілік кедергілерден қорғау
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
қоғамдық бақылауды күшейту;
адалдық идеологиясын ауқымды ілгерілету.
Басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов денсаулық сақтау мен фармацевтикалық қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасының мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Департамент басшысы Г. Байменова сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру бойынша Департаментте жүргізіліп жатқан іс-шаралармен бөлісті. Фармацевтикалық қызмет бағытында бизнес-қауымдастық мүшелеріне мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалғандығын атап өтті. Сонымен қатар жұмыстағы жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің ресми сайтында жоспарлы тексерістердің кестесі, мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық жоспар, нормативтік-құқықтық актілер заңға сәйкес орналастырылып, халықпен кері байланыс орнату мақсатында әлеуметтік желілерде Департаменттің және оның басшылығының жеке парақшалары бар екендігін жеткізді.
Бақосуға арнайы шақырылған өңірдегі дәріхана өкілдері фармацевтикалық қызмет саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, дәрілердің рецептуралық босатылуы, дәрілік заттардың шекті бағалары бойынша өз ұсыныстары ортаға салды.
Жиын соңында фармацевтикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, кәсіпкерлікті заңсыз әкімшілік кедергілерден қорғау мақсатында өзара ынтымақтастық меморандумға қол қою бойынша келіссөздер жүрізілді.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
05 ақпан 2020 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031