» » Қызылордада мешітте құрбан шалу рәсімі жүргізілмейді

Қызылордада мешітте құрбан шалу рәсімі жүргізілмейді

 Kyzylorda-news.kz. Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілдеге түсіп, 2 тамызға дейін жалғасады. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мешіттер уақытша жабық, яғни аурудың таралуының алдын алу мақсатында жамағат намазы оқылмайды, оның ішінде Айт намазы да бар. Сондай-ақ, мешіттерде құрбан шалу рәсімі жүргізілмейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚМДБ өкілі, Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов мәлімдеді.
«Өңірде құрбандық шалу орындары анықталды. Барлық қосымша ақпарат мешіттер жанындағы арнайы ақпараттық орталықтарда ұсынылады. Бұған қоса, «qurban2020.kz» сайты іске қосылды. Яғни құрбан шалушы да, ет алушы да онлайн тапсырыс бере алады. Тапсырыстарды әр өкілдік жанынан құрылған штаб жүзеге асырады. Құрбан шалушыға қажет болса, рәсім барысында түсірілген фото-видео есеп телефон нөміріне жолданатын болады. Ал етке мұқтаж жандарға сайтта көрсеткен мекен-жайы бойынша тегін жеткізіліп береді», – деді Болатбек Ұласқанұлы.
25 шілде 2020 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930