» » Бүгінгі күннің батыры

Бүгінгі күннің батыры


«Әр адамның амандығы маңызды. Кез келген сәт қымбат. Науқастардың тезірек сауығуы үшін аянбай еңбек етіп келеміз. Сауыққандар саны артып келеді. Сол бізді қуантады. Өзім соңғы науқас сауыққаннан кейін үйге қайтамын деп шешім қабылдадым». Бұл сырдариялық жас дәрігер Шынтас Тенеловтің жергілікті басылымға берген пікірінен үзінді. Жас болса да, өжет ісімен ел ықыласына бөленген маман қазіргі таңда сын сағатта алдыңғы шептен көрініп жүр. Осындай антына адал ақ халатты абзал жандар барда індет іргемізден аулақ кететін күн де алыс емес деп ойлаймыз.
Бала күнінен дәрігер болуды армандаған кейіпкеріміз бүгінде қауіпті аймақтың бел ортасында жүр. Яғни вирус жұқтырған науқастармен байланыс жасап, олардың тұрақты ем алуын қадағалап, карантинге жатқызылған пациенттерді емдеп келеді. Көп дәрігер беттей бермейтін батыл іске басын бәйгеге тігіп барған ол, мамандыққа адалдықтан айныған жоқ. Бұл асқан жауапкершілікті қажет ететін қиын сәт. Бұрын аты белгісіз аурумен бетпе-бет келу кім-кімге оңай болсын. Күні-түні түсіп жатқан науқастар, айлап отбасыңа оралмау, шілденің шіліңгір ыстығында ауа өткізбейтін қорғаныш киіммен жүру қандай ауыр. Міне, осындай мехнат кеше жүріп, ем алушылардың қас қабағын бағып, үміт сыйлау оларға артылған зор міндет. Бұл жолдан тек өз ісін сүйетіндер ғана сүрінбей өтеді.
Бүгінде дәрігер жүргізген ем-шарадан дертіне дауа тапқан азаматтарымыз аз емес. Тән қиналғанда жанынан табылып, жылы сөзін аямаған Шынтасқа олардың айтар алғысы ерекше. Дәрігер алдымен жылы сөзбен ем жүргізеді, болмаса дәрімен емдейді, оған да көнбесе соңында пышаққа жүгінеді. Яғни ең бірінші жанға қуат беретін жылы сөз алдыңа келген науқасқа үміт сыйлайды. Міне осындай ақ адал міндетпен алдына келген жаны қиналған жандарға барынша көмек қолын созып келеді. Шынтас бұны дәрігер міндеті деп біледі.
«Алғашқы науқас тіркелген күннен бері үйге барған жоқпын. Себебі біз өзіміз үшін ғана емес науқастар мен отбасымыз үшін де жауаптымыз. Үйді сағынғанымыз рас. Бірақ шыдауға тура келеді. Уақытша індетті жеңіп шығатынымызға сенемін» депті дәрігер басылымға жарияланған әңгімесінде. Шынында да кәдімгі соғыс сарбазынан кем емес қиын күндер бүгінде дәрігерлеріміздің басынан өтіп жатыр десек жасырын емес. Қазір вирус жұқтырғандар саны күрт асқынды. Одан бөлек үйде ем алып жатқандардың да саны өте көп. Қазір аурухана науқасқа лық толды десек болады. Медицина қызметкерелерінің жұмысы көбейді. Алайда күшейтілген режимдегі қызметтің арқасында науқастар саны азайа түсуде. Бұл нәтижеге кейіпкеріміз Шынтас Тенеловтің қосқан үлесі зор.
Ақжарма ауылында туып, бала күнінен ақ халатты абзал жан болуды армандаған ол сол арманына жетті. Карантин кезінде ел алдындағы жауапкершіліктің қандай боларын толықтай сезінген де болар. Зор мамандықты арқалап жүрудің қиындығын мойнымен көтеріп, жүрегімен сезінді. Көз алдындағы науқастың жан жарасын емдеуге тырысты. Бұл дәрігердің басты міндеті десек, Шынтас сол міндетін мүлтіксіз орындап келеді.

Облыстық «Рухани жаңғыру»
орталығының баспасөз қызметі
27 шілде 2020 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930