» » Бұл – вирусқа қарсы тұрудың тиімді тәсілі

Бұл – вирусқа қарсы тұрудың тиімді тәсілі


  Аурудың дендегені сонша жан-жағымыз жағымсыз жаңалықтарға толы болды. Бір күнде қаншама адам қайтыс болды, қаралы хабардан көз ашпадық. Бұл індетті айналып өтпеген адам қалмаған шығар. Барлығына да ауыр тиіп жатыр. Барлығына да қиындықты бастап өткеріп жатыр. Індетті жеңудің басты жолы үйде болу екенін түсінгендей болдық.
Елге карантин жарияланғалы бері індеттің беті бері қарады. Науқастар, жұқтырғандар саны азайды. Қадағалау да күшейтілді, бұрын бетперде киюге ұялатын адам, енді бетпердесіз жүрудің қауіптілігін түсінді. Қалай дегенде де карантиннің көмегі тигенін жасыра алмаймыз. Біршама кәсіп тоқтап, жұмыссыз қалғандар жетерлік. Дегенмен денсаулықты басты орынға қою маңызды. Біздің басымыздан небір жағдайлар өтті. Біз бәріне де тойтарыс беріп келеміз. Бұл күнді де бірлесе жеңеміз деген сенімдемін.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев карантин мерзімін екі аптаға ұзатуды тапсырды. Бұл – бірінші кезекте індетке қарсы тұрудың тиімді тәсілі. Адамның індет жұқтырмай, үйде отырғанының қауіпсіз екенін ел болып түсіндік. Қысылтаяң шақта, ел басына күн туған кезде тиімді шешім қабылдай білген Президентке алғыс айтамын.
Бауыржан МӘСТЕКОВ,
облыстық "Жастар ресурстық орталығының директоры
29 шілде 2020 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031