» » Мониторинг жүргізілді

Мониторинг жүргізілді

  Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу мақсатында жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға барлығы 2068 өнім сатып алынды. Мониторинг шеңберінде алынған өнімдердің басым көпшілігі тағам өнімдері 1586 сынама, яғни  76%.  Бұдан бөлек, сараптамаға балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерден 105 сынама, парфюмерлік-косметикалық бұйымдардан 133 сынама, тұрмыстық химия өнімдерінен 94 сынама, жеке гигиеналық заттардан 67 сынама алынды.
Жүргізілген зертханалық сараптамалар нәтижесімен сатып алынған өнімдердің 271 үлгісі  техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей шықты, атап айтқанда,микробиологиялық көрсеткіш 78, физикалық-химиялық көрсеткіш 75, таңбалануы 118 сәйкессіздік анықталды. Олардың ішінде 93 сынама отандық  өнімдер үлесінде болса, 146 сынама Еуразиялық  экономикалық одаққа мүше  елдерде өндірілген өнімдерге тиесілі, ал 32-сі өзге елдерде өндірілген өнімдер  үлесінде. Сәйкессіздіктердің көпшілігі  кондитерлік, кулинарлық және құс еті мен оның өнімдерінен анықталды.
Микробиологиялық көрсеткіштер мен басқа да анықталған сәйкессіздіктер бойынша 10 нысан жоспардан тыс тексеруден өтіп жауапты тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес  айыппұлдар салынды.
         Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды  жою  туралы  ұйғарымның толық орындалмауына байланысты 7 нысан бойынша іс Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, сот қаулысына сәйкес әкімшілік шара көрілді. 2019 жылдың 6 айында Әкімшілік соттың қаулысымен барлығы 1 237 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне жүргізілетін мониторинг жұмыстары қала мен барлық ауданда әлі де жалғасуда.
Қызылорда облысының тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы мен
қауіпсіздігін бақылау департаменті
10 қыркүйек 2019 ж. 798 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031