» » «SOS қарақұйрық» жобасы

«SOS қарақұйрық» жобасы

 
«Кейінгі жылдары елдегі қарақұйрықтың саны 90 пайызға азайған. Енді елдің оңтүстігінде сүтқоректілердің осы түрін сақтау шарасын күшейтуге «SOS қарақұйрық» жаңа жобасы көмектеседі» деп мәлімдеді Қазақстанның биологиялық саналуандықты қорғау қауымдастығы.

Ұйым жойылып бара жатқан сүтқоректілер мен олардың мекендейтін ортасын ұзақ мерзімге сақтау мақсат еткен. Айта кетейік, «SOS қарақұйрық» жобасы IUCN save our Species бағдарламасы бойынша Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қолдауымен Қазақстанның биологиялық саналуандықты қорғау қауымдастығы арқылы қолға алынды. Жоба барысында даладағы зерттеулер, қарақұйрықтарға GPS бау байлау және сол арқылы оларды бақылау, жергілікті халықпен жұмыс, сондай-ақ қарақұйрықтарды сақтау үшін қосымша шаралар әзірленеді. Бағдарлама Орталықазиялық сүтқоректілердің бастамасына (CAMI) қолдау білдіретін Орталық Азия аймағы үшін жасалған. Жоба IUCN Save Our Species бағдарламасы арқылы қаржыландырылады.
«Қазақстанда алғаш рет есепке алудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, қарақұйрықтардың санын кешенді анықтау жүргізіледі. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Түрікменстан шекарасындағы қоршаулар жануарлардың көші-қонына қалай әсер ететінін анықтау жоспарланып отыр. Кешенді жұмыс 2021 жылдың күзіне дейін жалғасады» деп хабарланған қауымдастық сайтында.
Аша тұяқты сүтқоректі аң еліміздің оңтүстік аймақтарында кең таралған. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрық үшін Халықаралық «Қызыл» тізімде жойылып бара жатуына байланысты «Қатерлі» (VU) деңгей белгіленген. 2015 жылғы мәліметтерге сәйкес, олардың саны елімізде бір кездері 200 мыңға дейін жеткен. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 13-15 мыңға дейін кеміген.
07 тамыз 2020 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031