» » "ҮЗДІК ЖОБА" БАЙҚАУЫ

"ҮЗДІК ЖОБА" БАЙҚАУЫ


Облыстық ішкі саясат басқармасының 2017 жылғы "Әлеумет" әлеуметтік жобасы бойынша ағымдағы жылғы үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен бастау алған әлеуметтік жобалар жыл көлемінде қала және аудан көлемінде жүзеге асырылды. Жоба аясында үкіметтік емес ұйымдар өздерінің бенефицарлары және қоғамда орын алған түрлі бағыттар бойынша біршама жұмыстар атқарды. Сыр өңірінің әлеуметтік бағытта атқарылған жұмыстардың бірқатары жергілікті билік пен халық арасында ыстық ықыласпен құрметке ие болуда. Қоғам қашанда баянды бастамалардың қасынан табылатын жаны жомарт, болмысы мәрт, іскер жандарға арқа сүйейді. "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурстық орталық қызметін ұйымдастыру»  әлеуметтік жобасы аясында «Үздік жоба» байқауы өтті. Белсенді ұйымдар арасынан ең үздігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шарада бір топ қоғамдық ұйым басшылары марапатталды. Атап айтқанда "Социум Қызылорда" қоғамдық қорының сыр шеберлеріне арналған жобасы, «Чернобыль және Арал балалары» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының Қызылорда қалалық өкілділігінің  "Шексіз спорт" атты жобасы, "Ақиқат Нұры" қоғамдық бірлестігінің қоғамдағы дау дамайларды бітімгерлік жолмен шешу бойынша жобасы, "Көкжиек" қоғамдық қорының мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің уақытын тиімді өткізу жобасы, «Достық-мәдениетті және өнерді қолдау ұлтаралық қоры» қоғамдық қорының шыр өнерпаздарының шығармашылығын ынталандыру бағытындағы "Вокалды аспаптар ансамблі" жобасы, жасөспірім мен жастар арасында патриоттық және отансүйгіштік қасиеттерді арттыратын орталық қызметі бойынша Облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлесігі мен "Pro Bono" қоғамдық қорының ментальдық ауытқушылығы бар азаматтарды қоғамға биімдеу орталығы жобалары басқа атқарылған жобалардан дараланып озық көрінді. Жобаға Қызылорда облысы көлемі бойынша 20 үкіметтік емес ұйым қатысты.
29 желтоқсан 2017 ж. 1 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930