» » Қызылорда облысындағы ауруханаларға 54 оттегі концентраторы жеткізілді

Қызылорда облысындағы ауруханаларға 54 оттегі концентраторы жеткізілді

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Жақсылық жаса» акциясы аясында өңірге тағы да 54 дана оттегі концентраторы жеткізілді.
Айта кетейік, «Жақсылық жаса» акциясы аясында шілде айында 9 аппарат келіп, Қызылорда қаласындағы ауруханаларға таратылған болатын. Бұл жолы аппараттар Байқоңыр қаласы мен аудандардағы ауруханаларға жеткізіледі.
Арал ауданына – 10 дана;
Қазалы ауданына – 5 дана;
Қармақшы ауданына – 2 дана;
Жалағаш ауданына- 6 дана;
Сырдария ауданына – 5 дана;
Шиелі ауданына – 5 дана;

Жаңақорған ауданына – 13 дана;
Байқоңыр қаласына – 8 дана.
«Жақсылық жаса» акцияның негізгі мақсаты – көмек көрсеткісі келетін азаматтарды жұмылдырып медицина мекемелеріне, науқастанып жатқан адамдарға, мұқтаж жандарға қолдау білдіру, қайырымдылық жасау, игі шараларға бастама болу.
Аймақтағы ауруханаларға таратылатын 54 дана оттегі концентраторын алуға «BIGrоup» компаниясы, «DAULETTEN қайырымдылық қоры» және«Айдың нұры қоры» қолдау білдірген.
08 тамыз 2020 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031