» » Ауыл еңбеккерлері егін жинау жұмыстарына кірісті

Ауыл еңбеккерлері егін жинау жұмыстарына кірісті

   Кеше Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқмағамбетов ауылында егінге орақ түсті. Салтанатты шараға аудан әкімі Р.Рүстемов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов бастаған атқарушы билік өкілдері қатысып, дала еңбеккерлерінің қуанышына ортақтасты.
Егіншілер үшін ерекше шарада аудан басшысы жиналған қауымды егін орағының басталуымен құттықтады.
– Бүгін ерекше күн. Жыл бойы баптаған күрішке орақ түсіп, егіншілердің төккен тері мен еткен еңбегі өз жемісін береді. Бұл нағыз еңбектің мекересі. Ал, еңбек ұғымы бәрімізге ортақ құндылық. Сол себепті, баршаңызды шын жүректен егін жинау жұмыстарының басталуымен құттықтаймын. Әлемде күріштен мол өнім алу бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізген дала академигі Ыбырай Жақаевтан "Рекордтық өнім алудың құпиясы қандай?" деп сұрағанда, даңғайыр дихан "Алдымен еңбек, содан соң еңбек және еңбек" депті. Сол секілді, еңбектеріңіз жемісті болсын! Қамба алтын дәнге толсын!,- деді аудан басшысы.
Мұнан кейін ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы П.Әлиакбаров сөз сөйлеп, тілектестігін білдірді.
– "Егінші – мәрт, жер – жомарт" дейді бабаларымыз. Сол секілді, мәрт егіншілерге жомарт жер мол өнім сыйлайды деген үмітіміз бар. Ауыл ардагерлерінің атынан серіктестік ұжымын егінгі орақ түсу салтанатымен құттықтаймын. Қырман тасысын, ауылымыздың ынтымақ-берекесі арта берсін,-деген ардагер көпшілікке ақ батасын берді.
Шарада ақ жаулықты аналар шашу шашып, ән айтып, қырман даласын сәнге бөлесе, аудан басшылары мен ел ағалары күріш лентасын қиды. Осылайша, ақын ауылын иеленген елді мекенде егіншелер егін жинау жұмыстарына кірісті.
Айта кету керек, «А.Тоқмағанбетов Жер» серіктестігі 2003 жылдың наурыз айында құрылған. Серіктестікте 120 адам еңбек етеді. Шаруашылықта 1 дана комбайн, 2 дана жатка, 2 дана ХТЗ, 4 дана МТЗ және 2 дана ауыл шаруашылығы машиналары бар.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
10 қыркүйек 2019 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031