» » Карантин кезінде құдалық өткізген мейрамхана иесіне 300 мың теңге айыппұл салынды

Карантин кезінде құдалық өткізген мейрамхана иесіне 300 мың теңге айыппұл салынды

   
Айыппұл көлемі қысқартып айтқанда 319 470 мың теңгені құрады.
Ақмола облысының Жарқайың ауданында карантин кезінде құдалық өткізген мейрамхана иесі әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, Жарқайың аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына аудандық полиция бөлімінен Державинск қаласындағы «Ажар» мейрамханасында көпшіліктің жиналуымен іс-шара өткізілгендігі туралы іс материалдары түсті.
«Осыған байланысты жеке кәсіпкердің үстінен ҚР ӘҚбК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік заңбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Яғни, 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды. Айыппұл көлемі қысқартып айтқанда 319 470 мың теңгені құрады», – дейді ведомстводан.
"Айқын" ақпарат
11 тамыз 2020 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031