» » 17 тамыздан бастап Қазақстаннан 7 елге әуе қатынасы қайта жанданады

17 тамыздан бастап Қазақстаннан 7 елге әуе қатынасы қайта жанданады

Халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім негізінде және әр бағыттағы әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты болады.
Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, ДДСҰ картасына сәйкес 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия, Нидерланд, Египет, Украина және Ресей елдерімен арадағы халықаралық рейстер кезең-кезеңімен қайта ашылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында хабарланды.«Министрлік жоғарыда аталған елдердің авиациялық органдарымен бірлесіп, тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін пысықтады. Аталмыш елдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес (термометрия, әлеуметтік дистанция, маска режимі, ПТР тестілеу және т.б.) Қазақстанмен әуе байланысын қайта қалпына келтіруді қолдайды», – делінген хабарламада. Министрліктің хабарлауынша, Ресейге ұшу үшін Ресей тарапынан рұқсат талап етілетінін атап өткен жөн. Халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім негізінде және әр бағыттағы әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты болады. «Рейстер мен билеттерді сату әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес, азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады», – делінген ведомство хабарламасында.
"Айқын" ақпарат
12 тамыз 2020 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031