Автокөлікті мас күйде басқарған 946 жүргізуші ұсталған

Жыл басынан жол қозғалысын бұзудың 64 мың 797 дерегі, оның ішінде жол апаттарына тікелей әсер ететін автокөлікті құжатсыз басқарудың 5 441, автокөлікті мас күйде басқарудың 946, қарсы бағытқа шығудың 174 дерегі анықталды.
Осыған орай айта кететін мәселе, жыл басынан автокөлікті мас күйде басқарған 946 жүргізуші ұсталып, оның 413-і әкімшілік қамауға алынды.
Жыл басынан орын алған 221 жол-көлік оқиғасының 18-і мас жүргізушінің кінәсінен болып, нәтижесінде 7 адам қайтыс болса, 23 адам жарақат алған.
Тамыз айының 10 мен 16-сы күндері аралығында «Мас жүргізуші - қылмыскер» атты шара өткізуде.
Бұл шараның 3 күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 765 дерегі және көлік құралын масаң күйде басқарудың 14 дерегі әшкерленді.
Тұрғындардың түнгі тыныштығын сақтау мақсатында, Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес облыс көлемінде тамыз айының 5 мен 8 күндері аралығында «Мотоцикл» шарасы өткізілді.
Нәтижесінде 224 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде мас күйде мотоцикл басқарудың 6 дерегі анықталып, 51 мотоцикл айып тұрағына қойылды. Жыл басынан облыс көлемінде 30 кәмелетке толмағандармен 45 қылмыс жасалса, оның 2-уі аса ауыр (адам өлтіру) санаттағы қылмыстар болып, 5 жасөспірім қамауға алынды.
Жыл басынан кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде жүрген (442-бап,) 1 мың 674 бала анықталып олардың ата-аналарына әкімшілік шаралар көрілді.
Одан болек, елімізде орын алып жатқан оқиғаларға (Түркістан,Сатпаев қалалары) байланысты, өз бетімен жүрген 10 жасқа дейінгі 164 бала ата-аналарына табысталды. Ағымдағы жылдың басынан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстар +30 пайызға (10-нан 13-ке) артса, бұл қылмыстардың басым бөлігі (7 қылмыс) облыс орталығында орын алған.
Осыған орай, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» шарасы өткізілді.
Шара барысында 1 мың 763 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, профилактикалық есепте тұрған 809 адам тексерілді.
Отбасы жанжалы мәселелері бойынша тұрғындар полиция департаментінің «102» арнасына немесе 26-28-90 телефон номеріне хабарласуға болатындығын жеткіземін.
Қазіргі уақытта Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеу науқаны жүргізілуде.
Бүгінгі таңда облыс аумағына 436 көлік әкелініп, оның 198-і уақытша тіркеуге алынды.
Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінде аяқталатынын ескеріп, тұрғындардан көліктерін осы мерзімге дейін тіркеуге шақырады.
Бұл көлік құралдарын тіркеу мәселесі бойынша полиция департаментінің 29-77-44, 29-77-80 телефон номерлеріне хабарласуға болады. Қабылданған карантиндік шектеулерге қарамастан әлі де болса ұжымдық, отбасылық көпшілік жиналатын шараларды өткізу тоқтамай тұр. Бүгінгі күні карантин ережелерін бұзудың 289 дерегі анықталды.