» » Жыл басынан бері 31 мас жүргізуші ұсталды

Жыл басынан бері 31 мас жүргізуші ұсталды

Қызылорда қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстарын жүргізуде.
Ағымдағы жылдың басынан бері патрульдік полицейлер 2 478-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзудың жолын кесті, соның ішінде - 31 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды. Мас күйінде көлік жүргізу фактілері бойынша полицейлер әкімшілік хаттамаларын толтырып, материалдары сотқа жолданды. Енді жүргізушілер басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Міне, жүргізушілердің жауапсыз іс-әркеттерінің бір мысалы:14 қаңтар күні сағат 04:25-те Саламатов және Рысқұлов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері ЖҚЕ ережелерін бұзған «Toyota Camry» автокөлігін анықтады.
Көп ұзамай көлік тоқтатылды, оны басқарып отырған облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкері алкогольдің өткір иісін сезген. Жүргізілген сараптама көрсеткендей, ер адам автокөлікті мас күйінде басқарған.
ҚР ӘҚБТК-нің 608 бабының 1-бөлігіне сай әкімшілік хаттама толтырылып, іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Тәртіп бұзушыға қатысты Қызылорда қалалық соты 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру және 15 тәулікке қамауға - деген шешім шығарды.
Айта кетерлігі, қызылордалық жүргізушілердің "танымал" тәртіп бұзушылықтарының қатарында - қауіпсіздік белдігін пайдаланбау - 598 дерегі, жүру кезінде ұялы телефон арқылы сөйлесу - 311 дерегі, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу - 88 бұзушылық, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу - 11 дерегі.
Полицейлер жүргізушілерді аса жауапты болуға және ішімдік ішкеннен кейін автокөлікті басқару мүмкіндігі туралы ойланбауға, сондай-ақ, осының салдары туралы есте сақтауға шақырады.
Полиция қызметкерлері мас күйдегі жүргізуші рөлге отырғанына куә болған барлық азаматтарды дереу «102» қызметіне хабарлауды сұрайды. Есіңізде болсын, сіздің қоңырау біреудің өмірін құтқара алады!
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
21 қаңтар 2020 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031