» » Биыл әр оқушыға 40 мың теңгеден беріледі

Биыл әр оқушыға 40 мың теңгеден беріледі

              Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмысы төмен отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден беріледі.
Қала әкімі Алтай Көлгінов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында жалпы 17 мың балаға көмек көрсетілетінін айтты.
Әкімнің айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың балаға көп. Былтыр оқу құралдарын сатып алуға әр оқушыға 30 мың теңгеден бөлінген.
«Егер отбасыда, мысалы, 3-4 баладан болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Оған бюджеттен 680 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Тұрмысы төмен отбасыларға басқа да әлеуметтік көмек көрсетіледі», – деді Алтай Көлгінов.
Әлеуметтік тұрмысы төмен оқушылар қашықтан білім алуға қажетті компьютермен қамтылады. Оған 6 миллиард теңге бөлінеді.
"Айқын" ақпарат
14 тамыз 2020 ж. 2 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031