» » Әкім карантин жариялауға болмайтынын айтты

Әкім карантин жариялауға болмайтынын айтты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде берген сұхбатында карантиннен кейін экономиканы қалпына келтіру мәселесін айтты.
«Қаланың экономикасына алдын ала болжам жасадық. Бұдан былай карантинді ашып, коронавирус азайып, карантин болмайды деп үміттеніп отырғанда осындай жағдайға қайта оралсақ, бұдан да жаман болады, экономика мұндай салмақты көтере алмайды. Қайта карантин жариялағанға төтеп бере алмайды», – деді Сағынтаев.
Оның айтуынша, 17 тамызда карантин жеңілдей бастайды және компаниялар аудит пен тексерулерден кейін 1 қыркүйектен өз жұмысын бастайды.
"Менің ойымша, экономика тез қалпына келеді. Біз жұмыспен қамтудың барлық бағдарламаларын ұсынып отырмыз, жұмыссыздар бағдарламаларды тиімді пайдалану қажет. Бұл мәселе бізді алаңдатады. Халықтың табысы төмендеп, кедейленіп бара жатқанын мойындауымыз керек. Біз жұмыс орындарын ашып, жұмысшыларға қолдау көрсетуге баса назар аударып отырмыз», – деді Сағынтаев.
"Айқын" ақпарат
14 тамыз 2020 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930