» » Коронавирус тауық қанаттарынан табылды

Коронавирус тауық қанаттарынан табылды

  Коронавирус Қытайдың Шэньчжэнь қаласында мұздатылған тауық қанаттарынан табылды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Global Times сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, өнім Бразилиядан әкелінген.
Ауруларды бақылау мен алдын-алудың жергілікті орталықтары Оңтүстік Америка елінен алынған өнімнен вирустың бар-жоғын тексерді. Тест нәтижесі оң болды. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл өнімге қол тигізген барлық қызметкерлер сынақтан өткен.
Қызметкерлердің нәтижелері теріс болды және қоймадағы ілеспе өнімдер мөрленді. Қазірдің өзінде сатылған өнімдер бақыланған.
Вирус бұған дейін Оңтүстік Америка елдерінен, соның ішінде Эквадордан әкелінген мұздатылған теңіз өнімдерінің орамасынан табылған.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, вируске қолайлысы тамақтың сақталу температурасының төмен болуы екен.
15 тамыз 2020 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930