Онлайн дөңгелек үстел
«Асыл мұра - Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Облыстық ішкі саясат басқармасы «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында 20-21 тамыз аралығында «Еріктілік асыл қасиет» тақырыбында Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел модераторы Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлы –«Qosyl» Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры. Қаралған мәселелер: Қазақстандағы ҮЕҰ мен еріктілік туралы тоқталып, еріктілер кім және олардың міндеттері туралы, ҮЕҰ өкілдерді, волонтерлармен бірігіп қоғамда көмек жасап жатқаны туралы айттылды.