ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУ
«Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйымдардағы еріктілер қозғалысын дамыту» атты дөңгелек үстел өтті. Шара «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурстық орталығы қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында ұйымдастырылған.
Жиында қоғамда қандай жұмыстар жасалмасын, оларды ұйымдастырушы, жүзеге асырушы қарапайым ғана адамдар еріктілер туралы сөз болды. Бірінші кезекте, қоршаған орта мен қоғамға жаңа игі өзгерістер әкелуді қалайтындар, өздерінің сол ортаның мүшесі екендігін сезіне отырып жақсылық жасаушы еркітілер. Жұмысы үшін ақы сұрамайтын жандар. Волонтерлық жұмыс түрлі бағытта атқарылады. Ол қарапайым мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылуынан бастап, табиғи апаттардың зардаптарын жою, электронды қызметтер, ағарту жұмыстары, аштықты, кедейлікті жоюға арналған халықаралық бағдарламалардың мүшесі болу, медициналық көмек көрсету және тағы басқалары болып табылады деп "ВООМ" еріктілер корпусының жетекшісі Т.Сисенбиев, "KZOVOL" қоғамдық қорының төрайымы О.Чебакова өз ойларын ортаға салды.