» » Бірнеше мәрте аккумулятор ұрлаған

Бірнеше мәрте аккумулятор ұрлаған

     
 Қызылордалық полицейлер аккумулятор ұрлады деген күдікпен екі облыс тұрғынын қолға түсірді.
Ағымдағы жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғындары көлік аккумуляторларының ұрланғандығы жөнінде арыз берген. Тұрғындардың айтуынша, түнгі уақытта қаскүнемдер жеке үйлердің аулаларына кіріп, автокөліктерден аккумулятор ұрлаған.
Мәселен, 12 тамызға қараған түні белгісіз біреу Белкөл кенті тұрғынының үй ауласында тұрған шетелдік автокөлік салонында жатқан әмиянын және аккумуляторын ұрлап кеткен. Қазіргі таңда жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығыны есептелуде.
Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмыстарға қатысы бар екі күдікті ұсталды.
30 және 23 жастағы жұмыссыз облыс тұрғындары уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Айғақ заттар тәркіленді.
Полиция қызметкерлері күдіктілердің осындай 5 ұрлық қылмысына қатысы бар екенін анықтап отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен 3-тармағы (ұрлық, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
27 тамыз 2020 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031