» » «Пайызсыз несие алып беремін» деп тұрғындарды алдаған

«Пайызсыз несие алып беремін» деп тұрғындарды алдаған

   
Қызылорда қаласының тұрғыны 2019-2020 жылдары өзінің жерлестерінен «көп-қабатты үйлерден пәтер алып беремін», «пайызсыз несие алып беремін», «жұмысқа орналастырып беремін», «үйдің құжаттарын рәсімдеп беремін» деген түрлі желеумен сенімдеріне кіріп, жалпы сомасы 2 200 000 теңге көлемінде ақшаларын алған. Алаяқтың арбауына облыстың 3 тұрғыны түсіп үлгерген.
Тұрғындардан түскен арыздар негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 47 жастағы азаматша құрықталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады.
Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
28 тамыз 2020 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031