Бір күнде 3 қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды
Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен, ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен, ҚК-нің, 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық істер қаралды.
Сотталушы К., жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп, құны 5 000 теңгелік 1 дана самаурынын, 10 000 теңгенің ерлер күртешесін, 1 800 теңгенің шұлықтарын жасырын жымқырып, жәбірленушіге 16 800 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.
Сотталушы З., жолаушылар таситын автокөлікте жәбірленуші Р.-ның қолсөмкесінің ішінде тұрған құны 60 000 теңгенің ұялы телефонын, 30 000 теңге ақшасын жасырын жымқырып, жәбірленушіге 90 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.
Сотталушы Н., жәбірленушінің қойма ауласына заңсыз кіріп, акумуляторын жасырын жымқырып, жәбірленушіге 45 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.
Басты сот талқылауында сотталушылар өз кінәләрін мойындап, жәбірленушімен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты, соттан қылмыстық жауапкершіліктен босатып істі қысқартуды сұрады.
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талабына сәйкес, жәбірленушілер сотталушылармен медиация тәртібімен бітімге келді. Жәбірленушілер сотталушыларға қояр талап-тілектері жоқ, келтірілген залалдар қалпына келген. Қылмыстық істі қысқарту туралы өтініштер жазбаша медиациялық келісіммен бекітілген.
Жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына байланысты сотталушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі