» » Бетпердең қайда?

Бетпердең қайда?


"Карантиндік талаптар жеңілдеді. Дегенмен бұл бетпердесіз жүруге болады деген сөз емес. Қазіргі таңда көшеде, қоғамдық көлікте бетпердесіз жүргендер көп. Біз еріктілермен бірге қоғамдық көліктерде бетперде тарату жұмыстарын жүргіздік.
Тұрғандарға, автобус кондукторларына бетпердесіз жүруге болмайтынын айттық. Бақсаңыз, адамдар көп нәрсеге бей-жай қарайды. Ауада әлі де вирус барын жоққа шығаруға болмайды", – дейді "Волонтерлар фронт офисінің жетекшісі" Болатбек Айтбенбетов бетперде тарату сәтінде.
Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы еріктілердің қоғамдық көлікте бетперде таратып жүргенін көзіміз шалды. Бейнекөріністен қоғамдық көліктегілердің бетпердесіз отырғанын анық байқауға болады. Сонда жүргізуші немесе кондуктор бетпердесіз мінуге болмайтыны ескерілмейтін болған ба? Еріктілердің жұмысы құптарлық іс. Десе де бетпердені адамдар өздері тағуы керек. Талапты сақтамауға не түрткі болды? Әлде карантин жеңілдеп бәріміз босаңсып кеттік пе?

09 қыркүйек 2020 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930