» » Қызылордадағы тергеу изоляторына аяқкиімге жасырып телефон өткізбекші болған азаматша ұсталды

Қызылордадағы тергеу изоляторына аяқкиімге жасырып телефон өткізбекші болған азаматша ұсталды


Қызылорда облысында тергеу изоляторына аяқ қиімге жасырып, телефон  өткізбек болған азаматша  ұсталды.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізбек болған адамның қулығын әшкереледі. Қарақшылық және кісі өлтіру бабы бойынша қамауда отырған інісіне, сәлем-сауқат жібермек болған апасының сәлемдемесін, мекеме қызметкерлері тексеру кезінде, аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған “Nokia ұялы телефоны және  «Актив» сим- картасы мен қуаттағыш  құрылғысын тауып, тәркіледі.
Құқы бұзушыға  қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттары Қызылорда  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
19 қыркүйек 2020 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930