» » Бес облыста құс тұмауы тіркелді

Бес облыста құс тұмауы тіркелді

   ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бірқатар өңірдегі эпизоотиялық жағдай туралы баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінге дейін 47 елдімекенде (25 аудан мен 5 облыста) құс тұмауынан құстардың қырылу фактісі тіркелді. Жеке үйлерде 12 926 үй құсы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикаларында 41 мың құс қырылды. Аймақтарды бөліп қарайтын болсақ, СҚО-да 27 ауданда (11 ауданда) құстың қырылу фактісі тіркелді. Оның ішінде құс тұмауы 23 елдімекенде (8 ауданда) расталды. Тиісінше 17 қыркүйектен бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстандағы жеті ауданнан және Айыртау ауылдық округінен құс өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салды», – деді Гүлмира Исаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, құс өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынған жеті ауданның қатарында Тимирязев, Жамбыл, Қызылжар, Тайынша, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов және М.Жұмабаев аудандары бар.
«19-21 қыркүйек аралығында «Бескөл» құс фабрикасында 41 мыңға тарта құс қырылды. Ақмола облысы туралы айтар болсақ, 5 ауданның 9 ауылында құстың қырылу фактісі тіркелді. Жалпы 286 құс өлді. Тиісінше 19 қыркүйектен бастап Ақмола облысының Жарқайың ауылдық округінен құс өнімдерін сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынды. Одан бөлек, Қостанай облысының 6 ауданында осындай жағдай тіркеліп, ол жақтарда 505 құс қырылды», – деді ол.
21 қыркүйек 2020 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031