» » Жалағаш ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Жалағаш ауданына жаңа прокурор тағайындалды

  Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бәкіровтың төрағалығымен актив отырысы өткізілді. Ерлан Әмірханұлы күн тәртібіндегі негізгі мәселе – құқық қорғау органдарындағы кадрлық өзгерістерді таныстыру мақсатында бас қосып отырғандығын мәлімдеді.
Жиында сөз алған Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Айтбайұлы Жалағаш ауданына тағайындалған жаңа прокурор Шыңғыс Есжановты таныстырды.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бәкіров Мадияр Ертарғынұлының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ауданның Құрмет грамотасын табыстады.
Есжанов Шыңғыс Мәдиұлы 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қызылорда гуманитарлық заң колледжін, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Құқықтану мамандығын бітірген. Магистр.
2013 -2019 жылдары Байқоңыр қаласының прокурорының көмекшісі, Қызылорда облысының прокуратурасында бөлім прокуроры, аға прокуроры;
2019 жылдың сәуір айынан бастап Жалағаш ауданы прокурорының орынбасары;
2020 жылдан осы уақытқа дейін облыс прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарып келген.
24 қыркүйек 2020 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031