Мектепке барып оқыған оқушылар коронавирусқа шалдығып жатыр
Мектепте оқып жүрген оқушылардан коронавирус анықталды.
Павлодар облысында 9 мектеп оқушысынан коронавирус анықталды. Оның төртеуі мектепке барып оқыған. Бұл туралы aikyn.kz тілшісі Irbistv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздің жазуынша, Шарбақты ауданы Алексеев орта мектебінде әуел баста бір оқушыдан коронавирус анықталған. Оқушы науқаспен байланыста болғандан санатында екені белгілі болған.
Аймақтың санитар дәрігері оқушымен 44 адам байланыста болғанын растап отыр. Тағы 3 оқушыдан коронавирус анықталған.
Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев: «Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Әзірге ауру симптомсыз өтіп жатыр. 16 қыркүйектен бастап ол мектепке бармайды. Қазір үйінде карантинде жатыр. Мектепті тексеру басталды», – дейді.
Алексеев орта мектебі белгісіз уақытқа карантинге жабылды.
Санитар дәрігердің айтуынша, ауданда тағы бес баладан коронавирус анықталған. Бірақ олар қашықтан білім алған.