Енді автокөлік құжатын интернет арқылы рәсімдеуге болады
Қазақстанда алдағы уақытта автокөліктерді рәсімдеуге қатысты құжат жұмыстары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйде интернет арқылы реттелмек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«Жартыжылдықтың соңына дейін бір жұмысты жүзеге асырамыз деп отырмыз. Нақтырақ айтқанда, автокөліктерді рәсімдеу жұмысы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйде интернет арқылы реттеледі. Яғни, сіз интернет арқылы тапсырыс беріп, қажетті құжатты «Қазпошта» арқылы ала аласыз. Бұл қадам көлік жүргізушілеріне ұнайды деген сенімдемін. Біз осы жұмысты жүзеге асыру қажетпіз», - дейді Асқар Жұмағалиев. Айта кетсек, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы тапсырмасы бойынша елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.