Сақтық шаралары пысықталды

– Департамент пен жедел құтқару жасағының қызметкері жазғы суға түсу маусымында қайғылы оқиға орын алмау үшін тынымсыз тер төгуде. Қазіргі кезде облыстың барлық аумағында кезекшілік таңғы сағат 08.00-ден түнгі 23.00-ге дейін ұйымдастырылуда. Тұрақты түрде жүргізіліп жатқан рейд, профилактикалық шараларға қарамастан суда қаза болғандардың саны азаяр емес, – деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары С.Молдақараев:
Сала мамандары судағы қауіпсіздік ережесі талаптарының сақталмауынан төтенше жағдайлардың болатындығын алға тартады. Баспасөз конференциясында судағы төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыстың барша тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және жағалауда балаларды қараусыз қалдырмау туралы баса айтылды.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА